Бұл жолғы сайлау билік пен халық арасындағы сенімді көрсетпек

(0 Votes)

25 шілдеде болатын сайлаудың еліміз үшін маңызы зор. Халық болып алғаш рет ауылымыздың әкімін сайлаймыз. Дайындық бірқалыппен жүріп жатыр.

Сайлауға 22 үміткерден ұсыныс келді, оның ішінде қазіргі уақытта 16 үміткер қалды. 4 үміткер "Нұр Отан" партиясынан, 1 үміткер "Адал" партиясынан, қалған 11 үміткер өзін-өзі ұсынушылар. Барлық үміткерлерде үгіт насихаттарын күнтізбелік жоспарға сай жүргізіп жатыр. 23 шілде күні түнгі 00:00 де үгіт насихат жүргізу аяқталады.

Аудан бойынша 6 округте сайлау өткізіледі. Оның ішінде 2 округке 2 үміткер, 4 округке 3 үміткерден тіркелді. 9 учаскелік сайлау бөлімдері бар, олар  өз қызметтерін халыққа көрсетеді.

Сайлауға  9145 сайлаушы қатысады.

Халықтың сайлауға көзқарастары оң. Өздері дауыс беріп сайлайтын болғандықтан барлығы бірігіп қолдауларын білдіруде. Халық пен билік арасындағы жақындастықтың болатынына аудан тұрғындары риза. Сондықтан әділ сайлау болады деп есептеймін. Халық қолдап, өз дауыстарын берсе, болашақта атқарылатын жұмыстарды бірлесе жасайтынымыз анық.

Болат Бралиев,

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика