Брендтің бір филиалы біздің облыста

(0 Votes)

Атырауда «DUSCAFF»  компаниясының  өндірістік филиалы  ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған компания құрылыс ағаштарын өндіру мен жеткізуде әлемдік нарықта көшбасшы брендтердің бірі.  2003 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан аталмыш компанияның өнімдері – британдық, америкалық және еуропалық стандарттарға сай.  

whatsapp-image-2019-12-25-at-10_37_50

Өндірістің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев арнайы қатысып, компанияның өңірде атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.

- Халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты күшейту - бізге жергілікті өндірісті дамытуға көмектеседі. Компания өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай болуы да осы бағытта септігін тигізбек, - деді Айбек Крамбаев.

Айта кетейік, компания өкілдері келешекте аталған салада жергілікті мамандарды дайындауды жоспарлап отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521