Болашаққа бағыт-бағдар берген Жолдау

(0 Votes)

Бұл жарқын болашаққа бағыт-бағдар берген, халықтың ынтымағын нығайтып, мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсеткен Жолдау болды.

Ел азаматтарының тұрмыстық ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттар белгіленіп, басты назарды азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне арнады. Президент мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал-адам екендігіне көзі жеткен экономикалық, саяси жетілудің шыңынан көрінді. Келесі 2025 жыл «Жұмысшы мамандық жылы» деп жарияланды.

Жолдауда қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігін атап өтіп, әскери құрылымдардағы тәртіпке мән беріліп, назар аударылды. Әскердегі тәртіп пен заң сақталуы, сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, басты назарға алынды. Бұл сан-саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Жолдау халық көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қамтып, нақты бағыт-бағдарды айқындады.

Халықтың бар қажеттіліктері ескеріліп, әділетті Қазақстан құруға бағытталды. Жолдау болашақ іргетасын нығайтуға міндеттелді.

Нұргүл Каримқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT