БОЛАШАҚ ЕҢБЕККЕРЛЕР ҚАНАТТАНАДЫ

(0 Votes)

Үстіміздегі жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшылар жылы» деп жарияланды. Бұл өте дұрыс және маңызды қадам деп есептеймін. Өйткені өзім Индер көп бейінді ауылшаруашылығы колледжінде топ шебері болып дәріс беремін. Байқағанымдай, соңғы уақытта студенттердің жұмысшы мамандығына деген қызығушылығы артып келеді. Бұл ең алдымен қарапайым еңбек адамын ұлғылау деп білемін.

Алдағы айларда студенттер өздерінің мамандықтары бойынша өндірістік оқу тәжірибеден өтуге жіберіледі. Себебі әрбір студент өздері білім алып жатырған мамандықтары бойынша білімін тереңдете отырып еңбектің қайнар көзіне қаныға түсуге жол ашады. Мен үшін бұл - зор мақтаныш!

Есбол ӨТЕУОВ,

Индер көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінің топ шебері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT