Біздің басты міндетіміз - қалыпты өмірге қайта оралту

(0 Votes)

Ауданда шартты түрде сотталғандарды бақылауға алып, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсетіп, кәсіби білім беруге, жұмыспен қамтуға септесетін пробация қызметі жұмыс істейді. Шартты түрде бас бостандығынан айырылған жандар мемлекеттің қамқорлығына алынса да, сынақ мерзімі аяқталмайынша, пробация қызметінің жіті назарында.

Сынау және байқауды мақсат еткен пробация қызметі сотталушының сот міндеттеген шарттарды толық орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ, қажетті білім меңгеруіне, жұмысқа орналасуына мүмкіндік сыйлап, қоғамда бейімделуіне септеседі.

Сондай-ақ, заңмен белгіленген қоғамдық жұмыстардың орындалуын және қоғамдық жұмысқа сотталғандарды қадағалайды. Қоғамдық жұмыстарға қылмыстың жеңіл және орта дәрежесін жасаған сотталғандар тартылады. Жергілікті атқарушы мемлекеттік мекемелер сотталғандарды жыл мезгіліне байланысты тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарға бағыттайды және күніне 4 сағатқа дейін уақыт жұмсауға болады. Жазаның ауырлығына қарай 20 (жиырма) сағаттан 1200 (мың екі жүз) сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін.

Қоғамдық жұмыспен айналысудан бас тартқан сотталғандарға жаза шарасы өзгертіледі. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және одан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.

Бiздiң қызметiмiздiң басты мiндетi - сотталғанға қалыпты өмiрге оралуға көмектесу. Және шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

 

Е.Теміртасов,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы әділет кіші лейтенанты

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521