Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, 1200 және 300 орындық екі мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Водников ауылында 1200 орындық тағы бір мектептің құрылысы аяқталады.
«Келесі жылы қалған 6 мектептің құрылысы аяқталады. 2026 жылға қарай тағы 3 білім ордасын пайдалануға береміз», - деді өңір басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, облыстағы үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша нақты жоспар бар. Өңірде 4200 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда 27 мектеп тапсырылады, нәтижесінде 2027 жылға қарай 9 үш ауысымдық және 4 апатты мектептің мәселесі түбегейлі шешіледі.