Биыл облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға арналған 195 пәтер сатып алу жоспарлануда

(0 Votes)

Тұрғын үй құрылысы бойынша өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Атырау облысына барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 731 мың шаршы метр болып бекітілді. Атырау қаласы бойынша жылдық жоспар 541,5 мың шаршы метрді құрайды. Өткен жылғы 12 ай қорытындысымен болжам бойынша 486,8 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Аудандар бойынша тұрғын үйді пайдалануға берудің орташа көрсеткіші өткен жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 111,9% құрады. Оның ішінде, Жылыой ауданы - 105,2%, Индер ауданы – 121,6%, Исатай ауданы – 111,6%, Құрманғазы ауданы – 145%, Қызылқоға ауданы – 102,4%, Мақат ауданы – 100%, Махамбет ауданы – 98,1%.

Сонымен қатар 2023 жылы облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға арналған 262 пәтер сатып алынды. Ал осы жылы қала, аудан әкімдерінің ұсыныстарына сәйкес 195 пәтер сатып алу жоспарлануда,- деді Н.Құсайынов.

Айта кетейік, бүгінде Атырау қаласының, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының, Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінің бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы, сондай-ақ Индер ауданы Индербор кентінің бас жоспарын әзірлеу бойынша облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT