Атырауда биыл жарты жыл ішінде 6500 тоннадай балық ауланып, оның 2800 тоннаға жуығы шет мемлекеттерге экспортталды. Бұл туралы Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Бекзат Сәрсенғали мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өңірде Жайық-Каспий бассейні бойынша 18 балық шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. Олар балық аулаумен қатар оны өңдеумен де айналысады. Бір жыл ішінде облыс көлемінде 10 мың тоннадан астам балық ауланған. Балық аулау жұмыстары Жайық пен Қиғаш өзендерінде, олардың сағалық кеңістігінде және Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүргізіледі.
Атап айтқанда, Жайық өзенінен 1820 тонна, Қиғаштан 3148 тонна, ал Каспийден 6000 тонна балық алынған. Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, уылдырық шашу мен көбею кезеңінде және мұз қатқан мезгілде балық аулауға шектеу қойылады. 25 мамырдан 31 тамызға дейін Каспий теңізінің Атырау облысы аумағында, ал 16 мамырдан 15 тамыз аралығында Жайық пен Қиғаш өзендеріндегі бірқатар ұйықтық учаскеде балық аулауға тыйым салынады.
– Уылдырық шашу және көбею кезеңінде су маржандарын қорғау мақсатында бірқатар аумақта балық аулауға уақытша тыйым салынады. Бұл шектеулер Каспий теңізінің Атырау облысына қарасты бөлігінде, сондай-ақ Жайық пен Қиғаш өзендерінің белгілі учаскелерінде қолданылады. Мұндай шаралар өңірдегі балық қорын сақтау мен оларды көбейтуге бағытталған, - деді Б.Сәрсенғалиев.