Атырауда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдар жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Рафик Абуовтың айтуыынша, облыста 153 ауылда 300,3 мың тұрғын бар. Олардың ішінен даму әлеуеті бар 93 ауыл іріктеліп алынды. 2019 жылдан бері «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 40 ауыл жаңғыртылды. Ал биыл 25 ауылды жаңғыртуға 9,8 млрд теңге жоспарланып отыр.
"Мәселен, 2019-2022 жылдары 24 млрд теңгеге 41 жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 15 нысанды, 20 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, спорт және 6 көлік инфрақұрылым нысанын яғни, ауылішілік жолдар салуға, реконструкциялауға және жөндеуге мүмкіндік берді", - деді Р.Абуов.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында 768 жұмыс орындары құрылып, бос отырған азаматтар еңбек етіп жатыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА