Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы жылы облыс бойынша көктемгі егістіктің жалпы көлемі 10 315 гектарды құрайды деп болжануда. Оның ішінде, 2 939 гектарға көкөністер, 2 003 гектарға картоп, 1 338 гектарға бақша, 4 035 гектарға мал азықтық дақылдары егіледі деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 170 трактор, 90 ауыл шаруашылығы машиналары мен су насостары және 340 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
-Облыстағы 91 ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұраныстары бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 800 тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Дизель отынын тасымалдайтын операторларды айқындау бойынша конкурстық комиссия құрылды. Дизель отынын бөлу кестесіне сәйкес аталған жанар жағар май сәуір айының 20-нан бастап берілетін болады,- деді С.Өтеғұлов.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен – 1 507 тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алынады деп болжануда. Күні бүгінге 360 тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Қалған 1147 тонна тыңайтқыштарға келісім шарт жасақталып, төлемдерін аудару жұмыстары жүргізілуде. Осы жылға тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 75,1 млн. теңге, пестицидтердің құнын субсидиялауға 5,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 19,9 млн. теңге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметі шығындары құнын субсидиялау – 345,6 млн. теңге жіргілікті бюджеттен бөлінді. Егістікке су жеткізу бағытында жұмыс жасайтын аумақтағы «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 14 суару-суландыру жүйелері, тиісті су пайдалану рұқсаттарын алып, іске қосылған.
Айта кетейік, облыс бойынша науқандық егістік жұмыстарға жетіспейтін еңбек күшін шет елдерден, оның ішінде Өзбекстаннан тартуға 800 адамға квота бөлінген болатын. Күні бүгінге шет елдік 562 азамат облыс шаруашылықтарында жұмыс жасауға кіргізілді.