Биыл Атырау облысына 200-ге жуық этникалық қазақ көшіп келді

(0 Votes)

Атырау облысына биылғы жеті айда шетелден 182 этникалық қазақ көшіп келді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мәлім еткендей, шетелден көшіп келген 123 отбасының құрамында 182 қандас бар.

«Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал, Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды» -дейді басқарманың мамандары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521