Биыл Атырау қаласында елу мың ағаш отырғызылады

фото: видеодан алынды
(0 Votes)

 Оған қоса 20 мың бұта, 183 мың шаршы метр көгал жамылғысы және 11 мың шаршы метр біржылдық-көпжылдық гүлзар отырғызу жоспарланды. Бұл жұмыстарды «Каспийдормостострой» мердігер мекемесі сәуірдің басынан күзге дейін атқарады.

 Ол жайында қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы Маулен Саламатов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Көгалдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес алдымен адам көп жүретін жерлерде жүзеге асады. Атап айтсақ, саябақтар мен гүлзарларға, орталық көшелерде атқарылмақ. Кейін А-27, А-28, Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Доссор тас жолдары көгалдандырылады. Отырғызылатын ағаштар қаланың климатына бейімделген. Олар: арша, ерен, үйеңкі. Айта кетейік, былтыр шырша, аққайың басқа да қылқан жапырақты ағаштар егілді. Бұл жұмыстарды бақылау біздің мекеменің құзырында. Мамандарымыз күнделікті мониторинг жасайды,- деді М.Саламатов.

Сондай-ақ Атырау қаласының дендрологиялық жоспары аясында Қ. Сәтпаев көшесі мен жағалаудағы ағаштар кесілді.

- Бұл шаралар ағаштардың өсуін жақсартып, қаладағы ауа сапасын арттыруға бағытталған. Кесілген ағаштардың 95% — қарағаш, 5% — күл. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында Авангард, Ленин және орталық алаңдағы апатты жағдайдағы 124 ағаш кесілді. Сонымен қатар Тұрғындар қалашығы, Шалқыма, орталықтағы шағын аудандар мен Қ.Сәтпаев, Х. Досмұхамедов, С.Датов көшелерінде 980 ағаш және қала бойынша санитарлық-гигиеналық мақсатта 462 ағаш кесілді,- деді Атырау қаласын көгалдандыру жобасының жетекшісі Леонид Задерный.

Көгалданған аумақты күтіп-баптау шаралары мердігер мекемеге міндеттелді. Қаланың біраз бөлігінде автоматты суару жүйесі жұмыс істейді. Ал суару жүйесі жоқ аумақтарда техника көмегімен жасалады . Жалпы шаhарда 133 мыңнан астам жасыл желек отырғызылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT