Мен татар ұлтының өкілі боламын. Өзім Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келдім. Ұлтым татар болғанымен қазақы тәрбиеде өстім. Балабақшада, мектепте қазақ тілінде білім алдым. Отбасымызбен қазақ елінің салт-дәстүрінін ұстанып, қазақ тілінде сөйлейміз.
Ал Мақат кентіне 2017 жылы тамыз айында келін болып түстім. Сол уақыттан бері осы өңірде тұрып жатырмын. Аудан жұртшылығы мені жылы қабылдап, құшақ жая қарсы алды. Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен таныстырып, білмегенімнің барлығын үйретті. Мені өзге ұлт өкілі деп жатсынбай, бауырларына басқан аудан халқына алғыстан басқа айтарым жоқ.
Осы тұста барша қазақстандықтарды алда келе жатқан Бірлік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз тыныш, бірлігіміз мықты болсын.
Радима Магдеева,
Мақат кентінің тұрғыны