Бір тәулікте 114 адам COVID-19 індетін жұқтырған

(0 Votes)

Қауіпті індет таралуының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 72 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 15 адам болса, Құрманғазы – 10, Исатай – 9, Жылыой және Индер ауданында 3, Махамбет, Мақат ауданынында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 42 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 102 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 1095 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 104, модульдік стационарда 170, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 148,  фтизиопульмонология орталығында 55 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 157 адам ем қабылдауда.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT