Білім беру жүйесінде ЖИ-ді енгізу жол картасы әзірленетін болды

Білім беру жүйесінде ЖИ-ді енгізу жол картасы әзірленетін болды
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

    — Осы жылдың 1 қазанына дейін Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық тәсілдер мен Жол картасы қабылдануға тиіс. Олар нормативтік құқықтық базаны, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу жөніндегі шараларды қамтуы керек, — деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Бектенов өңірлерде заман талабына сай мектептерді салуды, оларды жоғары жылдамдықты интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етуді тапсырды.

    — Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауы қажет. Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл мектебі — сапа алаңы» шағын жинақты мектеп моделін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру қажет. Оларды жоғары жылдамдықты Интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтерді тиісті дағдыларға дайындау жөнінде нақты шаралар көзделуге тиіс. Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, «Sana» жаңа буын орталығының тұжырымдамасы мен тәсілдерін кең ауқымда қолдану қажет, — деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр елдің экономика блогына 10 нақты тапсырма жүктеген еді.

Сондай-ақ Жолдауда Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатыны айтылды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT