«Береке мен молшылықтың бастауы – еңбек»

«Береке мен молшылықтың бастауы – еңбек»
(0 Votes)

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – еңбек адамының мәртебесін көтеру, жастарды жұмысшы мамандықтарына қызықтыру және қоғамда адал еңбек пен табыс идеясын кеңінен насихаттау. Жұмысшы мамандықтары – экономиканың тірегі, елдің өндірістік және әлеуметтік дамуының негізі.

Осыған орай, Елтай ауылдық округі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Береке мен молшылықтың бастауы – еңбек» атты еңбек адамдарына арналған кездесу кеші өтті. Шараға 8 еңбек ардагері қатысып, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Кеш барысында әндер шырқалып, оқушылар еңбек тақырыбындағы өлеңдер оқыды. Қонақтармен сұхбат жүргізіліп, «Ата кәсіп – алтын мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Еңбек ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл іс-шара жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, мамандыққа деген құрметті оятуға бағытталған маңызды қадам болды.

Ақмарал БОКИРОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT