Бейбітшілік пен татулықтың жаһандық мінбері

Бейбітшілік пен татулықтың жаһандық мінбері
(0 Votes)

Бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде сөйлеген сөзі халықаралық қоғамдастыққа аса маңызды үндеу болды деп ойлаймын. 

Мемлекет басшысының дін лидерлерін «Бейбітшілік елшілері» деп атауы – олардың адамзаттың ортақ тағдырындағы рөлін айқын көрсетеді. 2033 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының қабылдануы да – съездің ұзақ мерзімді маңызын айқындайтын қадам. Ал қорытынды декларацияның БҰҰ деңгейінде таралуы – Қазақстан бастамаларының жаһандық ауқымға ие болғанының дәлелі. Бұл форум елдің бейбітшілік пен татулықты дәріптеудегі көшбасшылық рөлін тағы бір мәрте айшықтап берді.

 

Сәбит Халенов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT