Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары!!!
Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдендірген азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты орын алған заңбұзушылықтар алаңдатуда.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарымыз өз құқықтарын заң шеңберінде пайдалана алмай, көбінесе заңды түсінбеушілік пен тәртіпсіздіктерге жол беріп, салдарынан жергілікті тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіріп, кейбіреулері тіпті құқық бұзушылардың қатарында жүргендерін кеш түсініп жатады.
Міне, осы жағдайлардың алдын алу үшін мен (25 мамыр 2020 жылғы №333) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңға сәйкес негізгі шарттары мен жауапкершіліктерін түсіндіріп өтемін.
Біріншіден, Бейбіт жиналыстардың түрлері бар олар: жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу болып бөлінеді.
Бұл іс-шараны ұйымдастырушы, бейбіт жиналысты өткізу үшін жергілікті әкімдікке, жазбаша хабарлама жолдайды.
Бейбіт жиналысты ұйымдастырған жағдайда ол туралы хабарламаны бейбіт жиналысты өткізетін күнге 5 жұмыс күннен кешіктірмей тапсырылуы тиісті (хабарламаға нені көрсету керек және оны қарау тәртібі мен жауабы Заңның 9, 10, 11 және 12-баптарында көрсетілген). Ал әкімдік, хабарламаны қарау нәтижесін хабарлаушыға 3 жұмыс күннің ішінде жазбаша жауап береді.
Ал, демонстрация немесе шеру ұйымдастыру қажеттігі туындағанда, өткізуге 10 жұмыс күннен кешіктірмей өтініш тапсырылуы тиісті.
Өтінішті қарау нәтижесімен әкімдік өзінің жазбаша жауабымен 7 жұмыс күннің ішінде хабарлайды (өтініште нені көрсету керек және оны қарау тәртібі мен жауабы Заңның 12 және 13-баптарында көрсетілген).
Бейбіт жиналыстарды өткізудің осы аталған негізгі шарттарын сақтау қажет, бұл шарттардың сақталуы, ұйымдастырылған бейбіт жиналыстың мақсатына жетудің тікелей кепілі мен құралы болып табылады.
Назар аударыңыздар!
Әкімдік бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындар белгіледі. Оның мақсаты, бейбіт жиналысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар болып табылады.
Екіншіден, бейбіт жиналыстарды заңсыз ұйымдастыру мен өткізу жағдайлары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Бұл әрекеттерге жол берген жағдайда, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер көзделгенін түсіндіремін.
Әрбіреуіне жеке тоқталатын болсақ, жоғарыда аталған заңмен көзделген тәртіптерді сақтамаудың салдары заңсыз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысқаны үшін құқықбұзушы ӘҚБтК 488-бабын қолданумен 15 тәулікке дейін қамауға және осы әрекетті қайталағаны үшін 25 тәулікке дейін қамауға алынады.
Егер орын алған заңсыз әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген жағдайда, ҚК 400-бабы қолданылып, 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Бұл тұрғыда, полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтардың, жаппай тәртіпсіздіктердің, топтасып бағынбаудың жолын кесуге, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға міндетті.
Егер Сізбен заңсыз жиналысты тоқтату туралы талап орындалмаса, онда полиция қызметкерлері заңмен жүктелген құзырет шеңберінде оны мәжбүрлеп тоқтату, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту шараларын қабылдауға мәжбүр болады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
Аталғандарды ескере отырып, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.

Мақат ауданы прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521