Батыл шешімдер уақыты

Батыл шешімдер уақыты
фото: globalenergyprize.org
(0 Votes)

Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін нақты шешім қабылдайтын күнде таяп қалды... 

Санаулы күндерден соң еліміздің әрбір сайлау уческесінде жалпыхалықтың референдум өтеді. АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау болып табылады. Қуат тапшылығы – қазіргі қоғамның өзекті мәселесінің бірі.

Сарапшылардың пікірінше елімізде АЭС салынатын болса электр экономикасы импортына тәуелділік азаяды екен. Одан бөлек, жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылымдарды дамыту арқылы озық технологияларды енгізуге ықпал етеді мыс. Ең басты күтілетін нәтиже, ол электр энергиясы тапшылығының жойылуы.

АЭС құрылысы мәселесі әлі де азаматтар арасында күмән ұялатады. Осы тұста жұртшылыққа жансақ ой қалыптастырып, қоғам пікірін екіге бөлген мифтерге тоқталып өтуді жөн санадық.

Олардың алғашқысы атом энергетикасы қоршаған ортаны ластайды және пайдаланылған ядролық отын қауіпті. Сондай-ақ ол утилизацияланбайды.

Алайда факті бойынша атом электр стансалары жұмыс істеу барысында көмірқышқыл газын шығармайды, сол себепті көмір Жылу электр орталықтарына қарағанда экологиялық жағынан әлдеқайда таза. Одан бөлек, бүгінде пайдаланылған ядролық отынды сақтаудың және қайта өңдеудің қауіпсіз әдістері бар және мұндай әдістер үнемі жетілдіріліп отырады.

Сонымен қатар, атом электр стансалары маңындағы сәулелену деңгейі қатаң бақыланады және адам денсаулығына қауіп төндіретін деңгейден әлдеқайда төмен болады екен.

Ал біз тілге тиек етіп отырған «Атом электр стансасы қай өңірге салынады?» деген сауалға оралатын болсақ, егер Референдумда дауыс берушілердің көпшілігі қолдаған жағдайда, атом электр станциясы Алматы немесе Абай облысындағы Курчатов қаласының аумағында салынатын болады.

Жалпы елімізде бұған дейінде өз атом-энергетикалық комбинаты болған. Ол Қазақстанның Маңғышылақ түбегіндегі Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында 1973-1999 жылдар аралығында жұмыс жасаған. Ол шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін БН-350 реакторы бар энергия комбинаты болып саналады.

Бұл атом-энергетикалық комбинаты аймақты электр қуатымен және ішуге болатын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Ол сәтті жұмыс нәтижесінде пайдалану мерзімінің бітуіне байланысты жұмысын тоқтатқан.

Жалпы, Қазақстанда уранның ірі қоры бар, және ол әлемдік қордың шамамен 12 пайызын құрайды. Сондықтан да Қазақстан уран өндіру саласында жетекші елдердің қатарында тұр.

Уран – ядролық отын өндірісіндегі нөмірі бірінші металл. Радиоактивті химиялық элементтің бір ғана бөлшегі 88 тонна көмірден алынатын электр қуатын бөледі екен.

Егер атом электр стансасын салатын болсақ, қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар деуге болады.

Энергия көзінің бұл түрі парниктік газ бөлмейді, энергия экологиялық таза жолмен алынады. Тіпті жел не күн электр стасалары секілді ауа райына тәуелді болмайды.

Елімізде жыл сайын 20 мың тоннадан астам уран өндіреді. Бұл – әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызын құрайды.

Уран өндірудің негізгі әдісі – жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) деп аталады. Бұл әдіс әлемде алғаш рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қолданылған. Бүгінде 2017 жылдан бері жер шарындағы уран өндірісінің 50 пайызы осы әдіспен өндірілді.

Осы ретте елімізде салынғалы отырған атом электр стансасы уран өндірісі арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Соған сәйкес, ағымдағы жылдың 2-ші қыркүйегінде парламент мінберінен халыққа жолдау жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу жөніндегі референдумның 6-шы қазанда өтетінін мәлімдеп, Қазақстан "энергия көзінің сенімді де экологиялық таза түріне" мұқтаж және АЭС "экономиканың жылдам өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыратынын" жеткізді.

Сондай-ақ референдумда қазақстандықтарға қойылатын сауал да нақтыланды. Онда сайлаушылар "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап беретін болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум арқылы қоғамдық-саяси мәдениеттің негізі қаланатынын айтты.

«Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – "Халық үніне құлақ асатын мемлекетке" тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз»,- деді Президент.

Қорыта айтқанда, АЭС салу ел болашағы үшін қабылданар жауапты шешім. Біздің ел болып бірігіп қабылдаған шешіміміз мемлекеттің дамуына оң өзгерісін берері анық. Сол арқылы елде энергия тапшылығы мәселесі оңтайлы шешілмек.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT