Бас имам студенттермен кездесті

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде ауданның бас имамы Біләл Сүндетқожаұлымен қатысуымен "Дін және қоғам" атты іс-шара өтті.


Бас имам студенттерге: "Жастардың санасы теріс ағымды ұстанушылардың насихатымен уланбауы тиіс десек, оларды бала күнінен қадағалағанымыз дұрыс. Бұл қоғамның басты міндетіне айналғаны жөн. Өйткені бүгінгідей ғаламтор дамыған заманда ата-ана, үлкендер жағы балалардың немен айналысып жүргенін назардан шығармай, бақылауда ұстағаны мақұл. Интернет беттерінен теріс діни ақпараттар алу арқылы бір отбасы мүшелері бір-біріне қарсы шығады. Одан кейін қоғамда түрлі қарама-қайшылықтар пайда болуда»,-дей келе дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды екенін айтып өтті. Сондай-ақ, тарихымызды, дінімізді жетік біліп, білімге, адамгершілікке, имандылыққа шақырды.
Шара барысында ҚР ӘҚБТК-нің 453 бабының 2 тармағына сәйкес, интернет ресурстарында діни араздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттауға бағытталған ақпарат жариялауға, таратуға болмайтынын жеткізген Біләл Сүндетқожаұлы заң талаптары бұзылған жағдайда жеке тұлғаға 20 АЕК (61260 теңге) мөлшерде айыппұл салынатынын ескерте кетті.
Кеш соңында тыңдарман тарапынан бас имамға бірнеше сұрақтар қойылып, нақты жауап алынды.


Г.Бисаханова,
Доссор мәдениет үйінің әдістемешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT