Атырауда «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасы бойынша 90-ға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылады.
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баспасөз конференциясында мәлім етті.
- Кезекте тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - қатысушыларға бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі. Мұндай шарт Қазақстанның ешбір өңірінде жоқ, - деді облыс әкімі.
Бұл бағдарламаның жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз, ал несие өтеу мерзімі – 20 жылға дейін белгіленген.
Бағдарлама шеңберінде Атырау қаласында 18 млн теңгеге дейін және аудандарда 13 млн теңгеге дейін қарыз беру қарастырылған.
Осы мақсатқа бүгінгі таңда 1,6 млрд теңге бөлінді. Ал бағдарламаның шілде айында іске қосылады.