Бақытгүл Хаменованың ісін облыстық сот қарап жатыр

(0 Votes)

Бүгін, 20 ақпан күні Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі облыстық сотта қарала бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Бақытгүл Хаменованың фейсбук парақшасында жарияланды.

"Облыстық сотта әділдік үшін күресті жалғастырамыз! Апелляциялық сатыда қалалық соттың сауатсыз үкімі бойынша апам Бақытгүлдің жолдаған шағымы қаралғалы жатыр. Алла жар болсын! Төрелік әділ болсын!" делінген онда.

Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі де растады.

"Сот шешімі шыққан кезде қосымша хабарлайтын боламыз" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен жылдың 15 қарашасында Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шығып, ол жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын үш жылдан соң қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT