Атырау облысының прокуратурасы Полиция департаментімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын жүзеге асыруда.
Облыста прокуратура, полиция, қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, психологтар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды.
Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған, оның негізгі мақсаты қауіп төнген немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау болып табылады.
Мобильді топтар өткен айда тұрмыстық қиын жағдайда қалған 50-ден астам отбасына барды, кәмелетке толмағандар арасында қайыр сұраудың 2 фактісі анықталды, ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болу 23 жағдай бойынша ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Қаланың 67 мектебі мен 13 колледжінде смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы прокуратура сайтына онлайн-хабарлама жіберу үшін жағдайлар жасалған, оның көмегімен оқушылар мен ата-аналар кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері немесе басқа да проблемалар туралы ашық хабарлай алады.
Облыс тұрғындары біздің жобаға қатыса алады.
Азаматтардан балаларға қатысты құқық бұзушылық жасау фактілері туралы біздің ұялы нөмірімізге хабарлауды сұраймыз: +7-778-555-77-24.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
Атырау облысының прокуратурасы