Балалар құқығын қорғайтын "111" нөмірі шұғыл байланыс қызметтері тізіміне қосылады

фото: turkystan.kz
(0 Votes)

Қазіргі таңда бұл тізімде жеті байланыс орталығы бар. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Тізімге Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығы қосылмақ.

Еске салайық, қазіргі таңда тізімде жеті байланыс орталығының нөмірі бар.

Олар:

102 – Ішкі істер органдары;

103 – Жедел медициналық жәрдем қызметі;

101, 112 – Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі;

104, 109 – Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер;

1414 – Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы;

110 – Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі";

1450 – Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы. Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 18 қыркүйек.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT