Балаға деген жақсылық - болашаққа жасалған жақсылық

(0 Votes)

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры инклюзивті жобаларды дамыту аясында ауқымды жұмыс жүргізіп отыр. Осы орайда қайырымдылық жобалардың бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қоғам үшін маңызды жобаға қолдау көрсеткені белгілі. Біздің аймақ үшін ғана емес, ел үшін маңызды жоба саналатын «Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік қалашығын биыл автономды электрмен жабдықтау бағытында да жұмыстар жүргізілген болатын. 

Сондай-ақ, бірге шаруашылықты жүргізу үшін «жасыл технология» қолданылады. Биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры шағын гибридті жел-күн электр станциясын және шаруашылық ғимараттар мен әкімшілік үй-жайларға арналған конвекторлық жылытқыштарды сатып алу үшін «Атырау». Маленькая страна» ҚБ бастамасына қолдау көрсетті. Болашақта осы құрылғылардың арқасында әлеуметтік қалашықта электрмен жабдықтау толығымен автономды болады. Жобаның құны 37,5 млн теңгені құрады.

Әлеуметтік қалашық иесінің айтуынша, қуаттылығы 50Квт болатын баламалы түрдегі электр станциясы толық автоматтандырылған. Оның жұмыс принципі – күн мен жел қуатын электр энергиясына айналдыру. Ал, одан артылғаны арнайы аккумуляторға жиналып, энергия көзінің қоры сақталады.

Бұл – мемлекет басшысының «жасыл» жобаларды дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмасын іске асыру жолындағы алғашқы қадамның бірі.

Айта кетерлігі бұл жобада мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту үшін еңбек терапиясы, иппотерапия әдістері пайдаланылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау - «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдау көрсеткен көптеген жобалардың мақсаты болып табылады. 2022 жылы Атырау облысында инклюзивті жобаларды қолдауға 128 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT