Балабақша - білім мен тәрбиенің бастауы

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бірқатар проблемалардың басын қайырды. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жоғары оқу орындарындағы білім сапасы, заманауи оқу жүйесі жөнінде салмақты ойлар мен оң ұсыныстар айтылды.

 Президентіміз баланы мектепке дайындау мәселесі бойынша өз сөзінде: “Мектепалды білімге айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз” деген болатын.

Иә, балалардың білім алуында тәрбиеші мен ұстаздың орны ерекше. Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі шәкірт. Сол үшін мектеп табалдырығын аттайтын титтей оқушылардың қалам ұстап, ой-пікірін еркін жеткізіп, анық сөйлеуіне біз, яғни, тәрбиешілер зор ықпал етеміз. Бүгінде мемлекет басшысының мектепалды ұйымдарға көңіл бөлуінің арқасында сапалы шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Гүлжанат Имашева,

“Құлыншақ” балабақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT