Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жарлығымен берілген марапаттарды табыс етті.
Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Ақпарат саласына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақстан РТРК» АҚ облыстық филиалының режиссеры Ақшолпан Байқұтова және «Caspian news» телеарнасының продюссері Талғат Өтеғұлов марапатталды.
Сондай-ақ, «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин мен «Қазақстан РТРК» АҚ облыстық филиалы, жарнама қызметінің аға-менеджері Жанаргүл Жұмахановаға «Құрмет грамотасы» табысталды.
Ал «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің контентмейкері Еламан Нухин мен Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакуповаға «Алғыс хат» берілді.