Қазақстанда жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 110,1 млрд теңге жәрдемақы алды

(0 Votes)

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 495,8 мың отбасы қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде наурыз айында 503,8 мың отбасына 27,9 млрд теңге жәрдемақы төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Көпбалалы отбасыларындағы әр балаға 12 525 теңге қарастырылған. 4 балаға – 49 100 теңге, 5 балаға – 61 383 теңге, 6 балаға – 73 666 теңге, 7 балаға – 85 948 теңге, 8 балаға – 98 016 теңге, 9 балаға – 110 268 теңге, 10 балаға – 122 520 теңге, 11 балаға – 134 772 теңге, 12 балаға – 147 024 теңге, 13 балаға – 159 276 теңге, 14 балаға – 171 528 теңге, 15 балаға – 183 780 теңге, 16 балаға – 196 032 теңге төленеді.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521