Қазақстан халқының саны 19,2 млн адамды құрады

(0 Votes)

2022 жылдың мамыр айында Қазақстан халқының саны 19,199 млн адамнан асты, бірақ бала туу көрсеткіші төмендеп келеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросы (ҰСБ).

"Ел халқының саны 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 19199,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық – 11442,9 мың (59,6%), ауылдық – 7756,9 мың (40,4%) адам. 2021 жылдың 1 мамырымен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% - ға өсті", - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында туылғандар саны 127 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% - ға аз.
2022 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың сыртқы көші-қон сальдосының теріс мәні -1919 адам: Қазақстанға 5122 адам келді,7041 адам кетті, деп статистиканы нақтылайды.

kaztag.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT