Ауылшаруашылығы санағы – Қазақстан агроөнеркәсібін күшейтетін қадам!

(0 Votes)

Ауылшаруашылығы санағы – Қазақстан агроөнеркәсібін күшейтетін қадам!

Атырау облысының ауылдық елді мекендерінде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының оффлайн кезеңі өткізілуде.

Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі: шаруашылықтардың құрылымы, техниканың болуы, жануарлар, егіс алқаптары және басқа ресурстар туралы толық және өзекті ақпарат алу. Бұл деректер мемлекетке тиімді аграрлық саясат әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланы дамытуға көмектеседі. Барлық ұсынылатын ақпараттың құпиялылығы сақталады, деректер «Мемлекеттік статистика туралы» заңымен қорғалады және салық немесе басқа мемлекеттік органдарға берілмейді.

Еске сала кетейік, аралау жұмыстары а.ж. 20 қыркүйегінде басталып 20 қазанға дейін жалғасады. Интервьюерлер үй шаруашылықтарын аралап, планшет арқылы сауалнама жүргізуде.

Атырау облысы бойынша 50 мыңға жуық үй шаруашылығын аралау жоспарланған. Бұл жұмысқа облыс бойынша 100-ден аса интервьюер жұмылдырылған.

Олар айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады.

Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуға болады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу –тегін).

«Біз халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз, оның ішінде ауыл чаттары арқылы да хабарлап отырмыз. Біздің интервьюерлер жеке бастың немесе банк деректерін сұрамайды, барлық сауалдар тек санақ пен ауыл шаруашылығы тақырыбына қатысты. Біз тұрғындарды ашық әрі шынайы жауап беруге шақырамыз. Ауыл шаруашылығы санағы жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі. Бұл деректер ауыл шаруашылығының жағдайын объективті бағалауға және қолдау шараларын айқындауға негіз болады», – деді Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT