Ауылдар ауызсумен қамтылады

Ауылдар ауызсумен қамтылады
(0 Votes)

Облыстағы 352 ауылдық елді мекеннің 232-сі ғана орталықтандырылған ауызсуға қосылған. Жүз­деген ауылдың халқы кешенді блок-модульдер мен ұңғымалардың суын тұтынып отыр.

Ертіс-Баян жерінің ауылда­­­­рын­да ауызсу тарифі – әркел­кі. Соң­­­­ғы жасалған талдау қоры­­тын­ды­сы бойынша Успен ауда­­нын­да ­ауыз­судың ең арзан тари­фі тір­кел­ген, текше метрі – 51,78 теңге. ­Ең қымбаты Ақсу қаласының ауыл­дық аймағында, текше метріне бекітілген тариф – 343,6 теңге.

– Облыста ауызсудың орташа тарифі 185,5 теңгені құ­райды. 92 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған, 4 елді мекенде топтық су құбыры бағаналары бар. Қалған 24 ауыл ұңғымалардағы суды пайдаланып отыр, – деп мәлімдеді Пав­лодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан.

Былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбырлары тартылған. Осы­лайша, облыстағы ауыл тұрғын­дарының 98%-ына таза ауызсу жеткізілген. Биыл ауылдық жер­лерде 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Ба­сым бағыттар – жолдарды, сумен жабдықтау нысандарын салу. Жыл соңына дейін 6 су құбырының құрылысы аяқта­лып, облыстағы ауыл халқын 100% таза ауызсумен қамту жоспарланған.

Облыстық санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау де­пар­таментінің мәліметінше, был­тыр орталықтандырылған, оқ­шауланған ауызсу көздері­нен 1559 сынама алынып, ­оның 62-сінде микробиология­лық, санитарлық-химиялық көр­сет­кіштер нормаға сай болмай шыққан. Департамент мамандары аудан-қалалардың әкімдеріне, ауызсумен қамту мекемелеріне су құбырла­рын үнемі шайып, сүзгілерді ауыстырып отыру керектігін
ескертеді.

 

Павлодар облысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT