АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАСЫМ

(0 Votes)

Президент Жолдауда айтқан басты міндеттің бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл сала бойынша өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған Бөдене ауылында да жыл сайын еңбек өнімділігі артып, мал басы өсіп, ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

 Қазіргі таңда ауылдық округте 19 шаруа қожалығы бар. Биылғы он айдың қорытындысымен мүйізді ірі қара саны – 1874, қой-ешкі саны – 4823, жылқы саны – 765, түйе саны 479-ға жетті.

2023 жылдың 11 ай қорытындысымен салыстырғанда 104,0 пайыз өсім бар. Егін бойынша картоп – 14 га, көкөніс – 23 га, бау-бақша өнімдері – 28 га, барлығы 65 га жерге егін егілді. «Есқожа», «Жаңажол», «Айдын», «Қайтпас», «Медет» шаруа қожалықтары қазір қыстақ басына жаңа типтегі үйлер салып, мал басын көбейтуге ден қоюда. Қазіргі уақытта «Есқожа» және «Жаңажол» шаруа қожалықтары қолайлы бағамен жекелеген адамдардың малдарын бағады.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп ауыл тұрғындарын қысқы мал азығы, жеммен толық қамтамасыз ету жұмысы жолға қойылды. Күні кеше ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні біздің ауылымызда аталып өтіп, шараға округке қарасты шаруа қожалықтар өз өнімдерімен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шықты.

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ақын Тілек Халин ағамыздың суреттерінен және мектеп, балабақша тәрбиеленушілерінің көрмелері ұйымдастырылса, қолөнермен айналысатын әжелеріміз бен аналарымыз өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көрмеге алып шықты. Ауылымыздың ауыл шаруашылығы ардагері Қараша Мәулет атамыздың отбасы көрмеге үйден дайындаған мал өнімдері, оның ішінде: ірімшік, сарысу, құрт, шұбат, қаймақтарын келген қонақтарға ұсынды.

Бұл шараның ауылымызда аталып өтуі біз үшін үлкен мәртебе, өйткені ауылымыздың жетістігі мен байлығын, қонақжайлылығын, ауыл халқының қандай кәсіппен шұғылданатындығын көрсетіп, бір марқайып қалдық.

Шырай Мерғалиева,

Бөдене ауылының әкімі

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT