Ауыл мен елдің болашағы – жұмысшы маманында

Ауыл мен елдің болашағы – жұмысшы маманында
(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы – адамзат тіршілігінің ең басты салаларының бірі. Қай заманда болмасын, жер жыртып, егін егіп, мал бағып, халықты асыраған шаруаның еңбегі қашанда қадірлі болған. Қазіргі таңда да бұл сала өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше, ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналып келеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшы мамандықтар – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Ауыл шаруашылығы тек егін егу мен мал бағумен шектелмейді. Бұл – агроном, тракторшы, комбайншы, ветеринар, суару жүйесінің маманы, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін механик сияқты нақты жұмысшы мамандықтарын қамтитын кең ауқымды сала. Осындай мамандық иелері болмаса, егіс алқаптарында өнім жиналмайды, мал күтімсіз қалады, ал ауыл тіршілігі тұралап қалады.

Бүгінде ауыл шаруашылығында техника мен технология дамып жатыр. Бірақ соны жүргізетін, реттейтін, бақылап отыратын – адам, яғни білікті жұмысшы. Заманауи тракторлар мен комбайндарды игере алатын, автоматтандырылған жүйелерді басқара алатын мамандарға сұраныс артып келеді. Алайда өкінішке қарай, жастардың көбісі қалаға ұмтылып, бұл саланы таңдай бермейді. Соның салдарынан ауылдарда кадр тапшылығы, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі байқалуда.

Ауыл шаруашылығы – маусымдық емес, тұрақты еңбек пен төзімділікті талап ететін сала. Жермен жұмыс істеу – ерекше шеберлік пен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да осы саладағы жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, жастарды ауыл шаруашылығына тарту – мемлекеттік деңгейде шешілетін маңызды мәселе.

Қазіргі таңда мемлекет ауыл шаруашылығы мамандықтарын оқыту мен қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар қабылдап жатыр. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде ауыл мамандықтары бойынша сапалы кадрлар дайындалуда. Бұл – үлкен үміт. Егер біз нағыз кәсіби мамандарды ауылда ұстап қала алсақ, бұл сала жаңа деңгейге көтерілері анық.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшы мамандықтар – ел болашағының, азық-түлік қауіпсіздігінің, экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Бұл мамандықтар тек еңбекпен ғана емес, жүрекпен де атқарылатын маңызды іс. Сондықтан бұл саладағы мамандарды қолдап, олардың еңбегін насихаттау – баршамыздың борышымыз.

 

Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT