Ауыл еңбегіне ғылыми негіз керек!

Ауыл еңбегіне ғылыми негіз керек!
фото: https://egemen.kz
(0 Votes)

Мен ата кәсіпті жалғап келе жатырған қарапайым еңбек адамымын. Бүкіл өмірім егін егіп, мал бағумен өтуде десем артық айтқаным емес. Сондықтан ауыл шаруашылығының барлық саласында береке бар деп айта аламын. Қазіргі дамыған заманда мал бағу, егін егу ісі тіптен оңтайландырылған. Күннен қуат алатын түрлі құрылғылар бар. Сиыр саууға арналған автоматтандырылған жүйелер бар. Бірақ өкініштісі ауыл шаруашылығы, оның ішінде ветеринария саласында жұмыс жасайтындар саны азайған. Бұл туралы ел Президенті бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында да айтып өткен болатын. Яғни, бүгінде тиісті оқу орындарын бітірген түлектердің 40 пайызы ғана осы салаға жұмыс істеуге барады екен. Соған сәйкес, мемлекет басшысы ауылшаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспары әзірленуі қажет екенін айтып өтті. Өйткені қолданбалы ауыл шаруашылығы ғылымын жедел өркендетпейінше, агроөнеркәсіп саласын қарқынды дамыту мүмкін емес.

Жалпы, ауылшаруашылығы ғылымы дамыса, ауыл да дамиды.

 

А.Кенжиев,

шаруагер

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT