“Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысу талаптарын жеңілдету ұсынылды

(0 Votes)

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті.

Жиында «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Бағдарламаның аймақта іске асырылуы туралы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Айтпаев баяндама жасады.

- «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Атырау облысының әкімдігі, АШМ және Қаржы министрлігі арасында үш жақты кредиттік шартқа қол қойылды. Оның негізінде 1 млрд. 504 млн. тг. ауыл тұрғындарына шағын несие беру мақсатында қаражат бөлінді. Кредиттік шарт шеңберінде 188 микрокредит беріліп, 199 жаңа жұмыс орнын құру туралы нысаналы көрсеткіш бекітілді. Осы жылдың 30 маусымында ӘКК-нің қазынашылық шотына ақша аударылды. Мекеме микрокредит беруге дайын. Бағдарламаға қатысу үшін 80 өтініш түсті. Алайда тек 10-ы ғана барлық шарттарға сай келеді. Қалған өтініш иесі керекті құжаттарды толықтырып жатыр. Ережеге сәйкес, кредиттік өтінім беру үшін 17 құжат ұсыну қажет. Ал талдау жүргізу және өтінім бойынша шешім шығару уақыты - 15 күн,-деді А.Айтпаев.

Жиында Марат Мурзиев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұловқа «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүріп жатқан жұмыстарды жүйелеп, оның орындалысы туралы ақпарат беріп, нәтижелі іс көрсету қажеттігін ескертті.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты сала басшыларына бағдарламаны жеңілдету және оған қатысуға өтінім беру үшін керекті 17 құжаттың тізімін азайтуды туралы ұсыныс дайындауды тапсырды.

- Біздің мақсатымыз - кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Бұл бағдарламаға қатысу үшін керекті көп құжатты тапсыру жергілікті шаруақожалық иелері мен кәсіпкерлер үшін тиімсіз. Оны дайындау үшін біраз уақытын жұмсайды. Сондықтан осы тізімді жеңілдету қажет. Мемлекеттік қаражат болған соң қайтарымды болу керек. Берілген қаражаттың да сұрауы бар. Сондықтан келіп түскен өтінішті жеке-жеке қараңыздар. Сондай-ақ ақпараттық насихаттау жұмыстарын күшейту керек,-деді М.Мурзиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT