«Ауыл - Алаш айнасы»

(0 Votes)

            Егемен елдің ең басты мерекесі Республика күні қарсаңында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділері аймақтарға шығып, «Ауыл – Алаш айнасы» жобасын жүзеге асыруда.

            Бірлестіктіктің Атырау облысындағы сапары Жылыой ауданынан басталды. Бұл күні өндірісті өңірге филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Омар Жәлелұлы, «Сенімен Болашақ» РКБ-нің құрылтайшысы, қоғам қайраткері, меценат Нұркен Жарылқапұлы, республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жансая Бердімұратқызы келді. Олар осында жергілікті жұртшылық өкілдерімен жүздесті.

slirmcyg

            - Басты мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіне қатысты өзекті проблемаларды бірлесіп шешу, оңтайлы жолдарын іздестіру, - дейді жоба авторлары мен шараны ұйымдастырушылар.

Дәулетқали АРУЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT