Аудандағы балаларды таситын автобустар талапқа сай емес

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балалар жылы деп жариялай отыра, балалардың құқықтарына аса көңіл бөлуді атап өткені белгілі.

Аудан прокуратурасы балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау кезінде олардың өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында мектеп автобустарының Заң талаптарына сәйкес еместігі, оның ішінде белдемшелер қарастырылмағаны, балалар таситын автобус арнайы белгілер орнатылмағаны анықталды. Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық қортындысы алынбағаны және жүру алдында техникалық байқау мен жүргізуші арнайы дәрігерлік тексеруден өтпейтіні белгілі болды.
Бұл өз кезегінде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Талдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасымен заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, нәтижесі бойынша 3 мектепттің жауапты 4 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақат ауданы прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521