Ауданда пробациялық есепте тұрғандарға жұмыс ұсынылды

фото: otyrar.kz
(0 Votes)

 Масылдық сананы төмендету мақсатында ауданда бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық Мансап орталығымен бірлескен түрде берешегі бар борышкерлер мен пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің өткізілуі. 

Оған аудан прокуратурасының прокуроры Медет Оразов, аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы Тілекші Нәсиева, аудандық Мансап орталығының маманы Әсет Мырзахметов және бос жұмыс орындарын ұсынған төрт мекеме өкілдері қатысты.

Жәрмеңкеге келушілерге «KazTransOil» АҚ, «Қамқор-Локомотив» депосы, «Айша» ЖК, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұсынған бос жұмыс орындары ұсынылды.

Айта кетейік, аудандық пробация есебінде 38 азамат есепте тұр. Оның ішінде 15 жұмыссыз азаматтың жәрмеңке де тиісті құжаттары қабылданды.

Аталған іс-шара 17 қазан күні «NCOC» мекемесінің қатысуымен қайталама өткізілмек.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT