Аудан аумағында 13-21 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өткізілуде.
Аталмыш іс-шараның мақсаты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу және жолын кесу бағытында аудан көлемінде Мақат аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларына барып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Полиция бөлімінің жеке құрамның барлық қызметкерлері жұмылдырылып, аудан көлеміндегі жұмылдырылған күштер белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау үшін олардың алдын алу мақсатында, жоспарлар, шаралар, рейдтер ұйымдастырылуда.
К.Серикбаева,
Мақат АПБ-нің ЖПҚб-ның
ӘҚЗЗ қорғау жөніндегі инспекторы
полиция капитаны