Ауданда Ораза айт тойланды

(0 Votes)

Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық мереке Ораза айтта аудандық орталық мешітінде айт намазы оқылды.

Қазақтың киіз үйі тігіліп, дастархан жайылып, келген жамағат ұсынылған дәмнен ауыз тиді. Спорттық шаралар да ұйымдастырылып, бұқара көңілін көтерді. Атап айтқанда жамағат арасында қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру, қазақша күрес секілді ұлттық ойындар ойналды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сый-сияпатқа ие болды.

Сондай-ақ, бұл күні аудандағы аз қамтылған 10 отбасыға қайырымдылық жасалып, азық-түлік табыс етілді. Балалар да назардан тыс қалмай, 500 бүлдіршінге ораза сыйлығы таратылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521