Аудан әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кентінің “Газшылар” ықшам ауданында салынып жатқан аллеяның құрылысына барып, жұмыс барысын бақылады.
Бақылау барысында аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше көңіл бөліп, барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, аллеяда заманауи жарық шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.
Бұл - ауданның көркейіп, абаттануына, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етпек.
Ә.ҚАСЫМ