Аудан аумағында кешенді этноархеологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мамандары 2-16 маусым аралығында аудан аумағында кешенді этноархеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты күні-бүгінге дейін белгісіз болып келген жаңадан тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау болды. Өйткені аудан аумағында бұған дейін тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілмеген еді.

Кешенді этноархеологиялық зерттеу жұмыстарын нәтижесінде, бірқатар сәулеттік маңызы бар ескі құлпытастар шоғырланған қорымдар зерттелді. Ондағы араб әріпімен қашалған жазулар оқылып, аударылды. Жұмыс барысында 50-ге жуық нысан назарға алынды. Алайда, олардың арасында қазіргі заманғы қорымдар мен жермен-жексен болғандары да бар.

Сонымен қатар, кейбір құлпытастардағы жазулар жауын-шашын салдарынан жойылғандығы зерттеу жұмыстарына өз кері әсерін тигізді. Жалпы ауданда республикалық маңызы бар нысандар жоқ. Ортағасырлық «Тас кешу» керуен-сарайы ғана ауданымыздың қазынасы іспеттес. Айта кетейік, былтыр облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мамандары ортағасырлық «Тас кешу» керуен-сарайына археологиялық қазба жұмысын жүргізген болатын.

52e1a312-e1a5-4919-8d40-d7d043fce369

Археологтар зерттеуді нәтижелі аяқтап, керуен сарайдың қақпасын тауып, мұнарасын ашқан еді. Қазба жұмыстары кезінде керуен сарайынан қызыл балшықтан және күлгін реңді балшықтан жасалған керамикалық ыдыс сынықтары табылды. Қола, метал, сүйек, ағаш, дәнді дақылдармен сусындарға арналған хум ыдыстардың кесектері табылуы бұл жерде өркениеттің болғанын аңғартады. Қазба жұмыстарынан кейін бұл жерге консервациялау жұмыстары жүргізілді. Толығымен қайта жаңғырту жұмыстары былтыр 2022 жылы қолға алынатыны айтылған болатын.

Дегенмен Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиевтан білгеніміздей, биыл қайта жаңғырту жұмыстарына қаражат бөлінбеген.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521