Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 52,99 %
2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %
4. Алматы облысы бойынша – 59,32 %
5. Атырау облысы бойынша – 52,91 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %
8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %
10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 %
13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%
15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 %
16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 %
18. Астана қаласы бойынш а – 45,19%
19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 %
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.
Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.