АТЫРАУЛЫҚ 700 БАЛА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЛАГЕРДЕ ТЕГІН ТЫНЫҒАДЫ

АТЫРАУЛЫҚ 700 БАЛА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЛАГЕРДЕ ТЕГІН ТЫНЫҒАДЫ
(0 Votes)

 Оның ішінде тасқыннан зардап шеккен құлсарылық отбасылардан 85 бала бар. 

Сондай ақ, су тасқыны болған Қызылқоға ауданынан 58, Махамбет ауданынан 101 оқушы демалысқа барады.

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева Түркістан облысындағы “Delve camp” балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлымен кездесті.

Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 балаға 5 кезеңмен тегін демалуына мүмкіндік жасап отыр - деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгеруіне барлық жағдайлар жасалған.

Және ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған.

Балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT