Атырауда төленбеген 24 айыппұлы бар автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, 3 наурыз күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласы, Сәтбаев көшесінде орналасқан “Ардагер” сауда үйі маңында “Қорғау” базасы арқылы Армения елінде тіркелген BMW маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында көлік иесінің төленбеген 24 айыппұлы бар екені анықталды. Жүргізушіге қатысты іс-құжаттар жинақталып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
"Осы ретте, Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігі ескертіледі" дейді жол сақшылары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ