Мемлекеті басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында алдағы төрт жылда тәуелсіз мемлекетімізде 200-ге жуық инвестициялық жоба іске қосылатынын мәлімдеді. Оның ішінде еліміздің мұнайлы астанасы аталатын Атырау өңірі мұнай-газ өнеркәсібі саласының дамуына мүмкіндіктер ашылып, жаңа жобалар іске қосылғаны көңіл қуантады.
«Атырау облысы – Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің орталығы саналады. Мұнда көптеген инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Биылдың өзінде өңірде оннан астам инвестициялық жоба іске қосылатынын білемін. Бұл бірнеше мыңдаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік берері сөзсіз.Мемлекет басшысы атап айтқандай, инвестициялық жобалар арқылы біз мемлекеттің жаңа индустриялық қалыбын жасап, көлік-транзит әлеуетін нығайта түсеміз.Айталық, өңірімізде қолға алынған полиэтилен өндіру жобасы ел экономикасына мультипликативті әсер беріп, ІЖӨ көрсеткішінің 1,2% өсуіне мүмкіндік береді және полиэтиленнен жасалған бұйымдар өндіру саласында шағын және орта бизнес үшін жаңамүмкіндіктер ашпақ. Мұнай-газ химиясына салынған әрбір доллар ел экономикасында 2-3 долларға өсім береді. Полиэтилен күнделікті өмірде және өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылатын бұйымдарды шығаруға, оның ішінде құбырлар, құрылыс және орауға арналған материалдар, автобөлшектер, медициналық жабдықтар және басқа да тауарларды өндіруге қолданылады» - деді Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика кафедрасы, РhDқауымдастырылған профессор Райхан МҰҒАУИНА