Атыраулық ғалымдар Шаңырақ күні баспаналы болды

Атыраулық ғалымдар Шаңырақ күні баспаналы болды
(0 Votes)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің үш ғалымына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Университет оқытушыларына баспана кілтін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыс етті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша,университеттің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, «500 ғалым» жобасы бойынша шетелден тағылымдамадан өткен магистр Нұрбақыт Дайрабаева, физика және техникалық пәндер кафедрасының магистрі, аға оқытушы Жадыра Салықбаева, биология және ауылшаруашылық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Мөлдір Махамбет жаңа пәтерге ие болды.

Министр Саясат Нұрбек жаңа шаңырақтың кілтін Наурызнаманың төртінші – «Шаңырақ күнінде» табыстады.

«Қазақ өркениетінде «Шаңырақ» сөзі киелі мазмұнға ие. Бүкіл ұлт тұтас ірге жайған қара шаңырақ – ұрпақтар өрбіген қуатты ұя саналады. Атырау өңіріндегі сапарымда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігі туды. Халқымыз жақсылық пен берекенің бастауы санайтын көктемінің басы Наурызнама мерекесінде баспаналы болған жас ғалымдардың шаңырағына шаттық, мол байлық, ғылым жолындағы табанды ізденістеріне толағай табыс тілеймін», - деді министр.

Айта кетейік, өңірдегі жетекші оқу орнында қызмет істеп жүрген жас ғалымдар «Жас ғалым» бағдарламасына қатысып, баспаналы болды. Бұл бағдарлама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банкі» арасындағы екі жақты келісім негізінде жүзеге асты.

Эльмира Мықтыбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT