Атыраулық журналист Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Сарайшық» мәдени-әдеби, тарихи-танымдық журналының әдеби редакторы Нұрым Ерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұқарат ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Сарайшық» журналының әдеби редакторы Нұрым Тельманұлы Ерғалиевке Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Нұрым Ерғалиев 1961 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген.

Мемлекеттік марапат иесі өмірінің 35 жылын журналистика саласына арнаған.

Журналистикадағы алғаш еңбек жолын 1987 жылы Атырау облысы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінде тілші болып бастады.

1988-2002 жылдары Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2002 жылдың мамырынан бастап облыстық «Атырау» газеті ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.

2004-2020 жылдары Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы.

2021 жылғы сәуір айынан бастап облыстық «Атырау» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметінде болды.

2021 жылдың қараша айынан бүгінге дейін республикалық «Сарайшық» мәдени-әдеби, тарихи-танымдық журналының әдеби редакторы болып жұмыс істейді.

Н. Ерғалиев Т. Амандосов атындағы сыйлықтың иегері.

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика