Атыраулық шекарашылар 4500 келі заңсыз балық тәркіледі

(0 Votes)

Оқиға қиғаш өзені бойында орын алған.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы, аға лейтенант Өмірбат Айтәлі хабарлады.

Орта көлемде қозғалтқыш орнатылған су көлігін балық инспекциясымен бірге шекарашылар анықтады. Тексеру барасында су көлігінің ішінде екі Ресей азаматы болғаны белгілі болды. Олар алты түрлі су маржанын (жалпы салмағы – 4500 кг) заңсыз аулаған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 25 млн теңгеге жуықтап отыр.

Тәркіленген балық Құрманғазы ауданы бойынша балық өңдеу кооперативіне тапсырылды. Ұсталған азаматтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521