Атыраулық полицейлер интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

(0 Votes)

2022 жылдың 5 айында облыс көлемінде барлығы 256 интернет- алаяқтық қылмыстары тіркелді. Интернет-алаяқтық қылмыстар саны былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 36,9 пайызға төмендеген.

Жалпы, Жергілікті полиция қызметкерлері мен Криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп, интернет алаяқтықтар мен интернет ұрлықтардың алдын алу профилактикалық іс-шараларын өткізіп, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы брошюраларды тарату, интернет-алаяқтықтан сақ болу жөнінде арнайы түрде аудио-видео жазбаларын жасақтап, адамдар көп жиналатын жерлерде, базарларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарына таратуға, теле-радио каналдарға арнайы сұхбат беру, брифингтер өткізу, интернет желілеріне мәліметтер жариялау жұмыстарын ұйымдастырылып, жүргізілуде.

Сондай-ақ, Криминалдық полиция қызметкерлерімен профилактикалық шаралар бойынша алгоритм жасақталып, уәкілетті органдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобын құру жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Интернеттегі алаяқтық туралы қайда хабарлау керектігін көбіне азаматтар білмейді. БАҚ-та және танымал электрондық ресурстарда халықты алдаудың қолданыстағы тәсілдері туралы ақпарат үнемі жарияланып отыратынына қарамастан, құқық қорғау органдары күн сайын алаяқтыққа қатысты жосықсыз іс-әрекеттердің жүздеген жағдайларын тіркейді.

Егер сіз желі аясында алаяқтардың іс-әрекетіне тап болсаңыз, бұл жағдай кезінде қайда, кімнің көмегіне жүгінуге болады? Бірінші кезекте жәбірленуші тұрғылықты жері бойынша орналасқан полиция бөлімшесіне өтініш беруі керек. Ішкі істер органдары интернет-алаяқтық фактілері бойынша өтініштермен жұмыс істеу өкілеттіктеріне ие. Өтініште көрсету керек:

- Өтініш берушінің Т.А.Ә., төлқұжат деректері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны;

- Болған оқиғаны сипаттау: алаяқтық әрекеттердің жасалған күні, уақыты, орны, сондай-ақ жәбірленушіні алдауға әкеліп соққан әрекеттер;

- Өтініш жасалған күн және өтініш берушінің қолы болуы керек- дейді Атырау ОПД КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі A.Нурманов.

 

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика